Астанада қала маңындағы ағаштар өртеніп жатыр

19 Маусым 2023, 11:03
728
Бөлісу:
Астанада қала маңындағы ағаштар өртеніп жатыр
VIDEO
Фото: видеодан скрин

Астанада қураған ағаш өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, қураған ағаштың өртеніп жатқаны жайлы хабарлама өрт сөндірушілерге бүгін сағат 09:12-де түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде Қорғалжын тасы жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта жеке құрамның 15 маманы мен 3 техникасы өртті сөндіріп жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы