Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Иманов-Республика қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана әкімдігінің хабарлауынша, 3-18 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскесінде (Дөңгелек алаңның үстіндегі көпір) көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Сондай-ақ, А. Иманов-Республика көшелерінің қиылысында асфальт жабынына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Қиылыс 7-9 мамыры аралығында ішінара жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.