Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті

21 Сәуір 2025, 19:31
389
Бөлісу:
Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті
PHOTO VIDEO
Фото: Артём Чурсинов

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен экофестиваль өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті
Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті
Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті

Оның аясында инновациялық экологиялық жобалар мен стартаптарды көрсету үшін көрме және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды.

Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті
Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті

Кештің басты оқиғасы қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосқаны үшін саланың көшбасшыларын марапаттау рәсімі болды. Шығыс Қазақстан облысынан келген Жастар ресурстық орталығының басшысы Айдос Әділбеков Мемлекет басшысының қолынан алған алғыс хаттың қуаныш сыйлап қана қоймай, жауапкершілік жүктейтінін айтты. Сондай-ақ "Таза Қазақстан" науқаншылдық емес, сананы өзгертуге бағытталған акция екенін атады.

Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті

Біздің қазіргі міндетіміз тек қана сенбіліктер жасау емес, сонымен қатар тұрғындардың, азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Сенбілікпен ғана шектелмеу керек. Өйткені таза жер сенбілік жасалған жер емес, керісінше, ластанбаған жер, - деді ол.

Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті
Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті
Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті

Айдос Әділбеков өзі келген өңір ерекшелігіне тоқталып, шығыстықтардың "Таза Қазақстан" акциясы арқылы туған өңірдің туристік аймақтарын тазалап қана қоймай, басқаларға таныстырып жүргенін жеткізді.

Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті
Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті

Шығыс туристік орындарға бай өңір екенін білесіздер. Сондықтан біз былтыр "Экосақшы" деген жоба бастағанбыз. Бұл жобаның мәні әр ауылдық округтен бір экосақшыны тағайындап, олар жергілікті тұрғындармен бірге туристік аумақтарға рейд жұмыстарын жүргізді. Қай жерлер лас болса, сол жерлерге арнайы барып, сенбіліктер өткізді. Біздің жобаның мақсаты – біріншіден, оған жастарды тарту, екіншіден, осы туристік өңірді қазақстандықтарға насихаттау, - деді ол.

Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті
Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті
Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті

Көрмеде қалдықтарды қайта өңдеу бойынша "Қалдықтардың екінші өмірі" атты 7 аймақ құрылды. Оның біреуі тамақ қалдықтарын қайта өңдеумен айналысатын Food waste компаниясына тиесілі.

Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті

Күніне 1 тонна тамақ қалдықтарын жинап, соны өңдейміз. Тамақ қалдықтарын ресторан, кафелерден аламыз. Негізгі жеткізушіміз 3 үлкен ресторан және шырын жасайтын компаниялар. Қайта өңдеу арқылы азық-түлік қалдықтарынан протеинді ұн, жем, тыңайтқыш аламыз. Биылдан күніне 10 тонна қалдықты өңдеуге көшеміз, - деді Food Waste ЖШС-ның бас директоры Бекежан Қайырғалиев.

Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті

Экофестиваль аясында "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының қорытындысы шығарылды. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, экологиялық бастамаға қатысушылардың саны 6 миллион адамнан асқанын, бұл әрбір үшінші қазақстандық акцияға қатысқанын атап өтті. Қатысушылар бірлесіп жалпы 1,1 млн тонна қоқыс жинады.

Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті
Астанада Президент қатысуымен экофестиваль өтті

Өңірлерде "Таза өлке", "Киелі мекен", "Жасыл аймақ", "Өнегелі ұрпақ", "Мөлдір бұлақ" сынды акциялар дәстүрге айналды, олардың аясында 1,8 млн га аумақ тазартылып, 1,6 млн-ға жуық жасыл желек отырғызылды, сонымен қатар 5 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра объектілері қалпына келтірілді, өзендердің, көлдердің және басқа да су айдындарының айналасының 5,8 млн шаршы метрден астам аумағы тазартылды.

Өзгелердің жаңалығы