Астанада Президент кубогі үшін теннистен халықаралық турнир өтіп жатыр

23 Шілде 2023, 17:43
674
Бөлісу:
Астанада Президент кубогі үшін теннистен халықаралық турнир өтіп жатыр
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Belline Arena ұлттық теннис орталығында теннистен дәстүрлі Президент кубогі халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, алдымен ATP Challenger Tour сериясы бойынша ерлер сынға түседі.

Негізгі турнирде қазақстандықтардан бірінші ракетка болып тіркелген Михаил Кукушкин бастапқы кездесуін ресейлік Евгений Тюрневпен өткізеді.

Дмитрий Попко түркиялық Ақсу Чингизбен, Денис Евсеев жаңазеландиялық Рай Аджитпен, Тимур Мәуленов Польша өкілі Филипп Пиливомен, Ислам Орынбасар үндістандық Дев Прджвалмен ойнайды.

Жарысқа арнайы шақырту алған Арысланбек Айтқұлов іріктеу сайысында тәжірибелі өзбекстандық Денис Истоминмен, Виталий Зацепин белоруссиялық Егор Герасимовпен, Григорий Ломакин ресейлік Евгений Филипповпен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілердің жұптық сында да қарсыластары белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы