Астанада полиция тәркілеген етті жануарлар паналау орнына табыстады

Елордада полиция заңсыз ет өңдеу цехтарын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 видеодан кадр 26 Қаңтар 2025 2025, 04:20
26 Қаңтар 2025 2025, 04:20
3946
Фото: видеодан кадр

Елордада полиция заңсыз ет өңдеу цехтарын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар ветеринарлық-санитарлық нормаларды бұза отырып жұмыс істегені белгілі болды. 22 тонна ет тәркіленді.

Осыдан кейін полиция қызметкерлері, ветеринарлық қызмет және басқа да ведомстовалардың қатысуымен комиссия отырысы өтті. Онда өнімді 3 мыңға жуық ит ұстайтын "Стоп-отлов" жеке қорының паналау орнына беру туралы шешім қабылданды.

Алдағы уақытта өнім термиялық өңдеуден өтіп, жануарларға арналған азық ретінде пайдаланылатын болады.

Наверх