Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот процесі басталды

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
9 Шілде 2025, 12:53
758
Бөлісу:
 Перизат Қайрат/Instagram
Фото: Перизат Қайрат/Instagram

Бүгін Астанада волонтер Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оларға алаяқтық, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру (ақша және өзге де активтерді) баптары бойынша айып тағылып отыр.

Сотта алдын ала тыңдалым өтті. Онда тараптардың өтініштері қаралды. Қазіргі уақытта сот алқасы іс ашық түрде немесе жабық форматта өтетіні жөніндегі шешімді шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті, - деді сот.

Сот отырысының қорытындысы бойынша қосымша ақпарат кейінірек беріледі.

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайрат ісі сотқа жолданғаны хабарланған.

Өзгелердің жаңалығы