Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада өрттен 60-қа жуық адам құтқарылды

16 Қазан 2025, 11:03
353
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астанада ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 60-қа жуық адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астананың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүйде өрт шықты. 2-ден 5-қабатқа дейінгі электр қалқандарында электр сымдары жанып, жалпы 12 метр аумақты шарпыған.

ТЖД күштерімен 50 адам эвакуацияланды. Тағы 8 адам, оның ішінде 2 бала, үш иінді саты мен арнайы құтқару маскаларының көмегімен құтқарылды, – делінген ТЖМ баспасөз хабарламасында.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы