Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форум басталды

2 Қазан 2025, 10:23
527
Бөлісу:
 Артём Чурсинов
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Бүгін, 2 қазанда Астанада Орталық Еуразиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форум – Digital Bridge басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форум аясында өтетін пленарлық отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Венгрия президенті Тамаш Шуйок қатысады. Сондай-ақ жиынға арнайы ат басын бұрғандардың қатарында G42 International бас директоры (CEO) Мансур Ибрагим Әл Мансури, Telegram негізін қалаушы және бас директоры Павел Дуров, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google зерттеу директоры Питер Норвиг, Sinovation Ventures, 01.AI бас директоры (CEO) Кай-Фу Ли, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев, Solana Foundation президенті Лили Лю бар.

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форум басталды

Форумның биылғы жылғы тақырыбы – Generative Nation. Форум аясында жасанды интеллект пен технологиялардың Қазақстанға білімге негізделген қоғам құруға және болашаққа нық қадам басуға қалай көмектесетінін талқыға түседі.

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форум басталды
Астанада Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форум басталды

Digital Bridge – стартаптар инвестор табатын, корпорациялар жаңа шешімдер ашатын, алсарапшылар тәжірибесімен бөлісіп, жаһандық күн тәртібін қалыптастыратын алаң. Форумның атмосферасы әрдайым ерекше – мұнда жаңа идеялар дүниеге келіп, серіктестіктер құрылады.

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форум басталды

Бір алаңда стартаптар, IT-компаниялар, инвесторлар мен халықаралық сарапшылар бас қосып, тәжірибе алмасып, аймақтағы технологиялар мен IT-индустрияның даму бағытын айқындайды.

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форум басталды

Форум мазмұнды бағдарламаға құрылған: 100 мың долларлық жүлде қорымен Astana Hub Battle, республикалық Generative Nation Pitch питч-сессиясы, Digital Bridge Awards сыйлығы, IT-компаниялар көрмесі, стартап-аллея, роботтар аймағы және тағы басқа қызықты іс-шаралар өтеді.

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форум басталды
Астанада Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форум басталды

Биыл алғаш рет Digital Bridge аясында AI Week өтіп жатыр. Ол жасанды интеллект тақырыбын қамтып, 29 қыркүйектен 4 қазанға дейін бүкіл Қазақстанды қамтитын іс-шаралар өтеді.

Өзгелердің жаңалығы