Астанада «Орталық Азия – Ресей» сарапшылар форумы басталды

18 Қазан 2022, 12:06
1207
Бөлісу:
Астанада «Орталық Азия – Ресей» сарапшылар форумы басталды

Бүгін Астанада екі ел арасындағы дамудың өзекті мәселелері талқыланатын сарапшылар форумы өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Форумды «Орталық Азия – Ресей» саммиті аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Ресей Ғылым академиясының Е.М.Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық ғылыми-зерттеу институты ұйымдастыруда. 

Сондай-ақ форумға арнайы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейдің талдау орталықтарының басшылары, өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша сарапшы мамандар қатысуда.

Форум аясында аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, Орталық Азия мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту бағыттары және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Форумда сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы реформа туралы таныстырып, жыл аяғына дейін 20-дан аса заң қабылдау көзделіп отырғанын баса айтты.Сондай-ақ ол геосаяси ахуал шиеленісіп тұрған кезеңде парламентаралық ынтымақтың маңыздылығына тоқталды. Орталық Азияның бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу өңірі болуына бәрі мүдделі. Бірақ, Ауғанстандағы жағдай – есірткі трафигі, шекара маңындағы келеңсіздіктер, су ресурстарының шектеулігі мен экологияға байланысты бірқатар өзекті мәселелерге де тоқталды. 

Өзгелердің жаңалығы