Астанада орган трансплантациясына 536 науқас кезекте тұр

4 Қазан 2023, 12:42
735
Бөлісу:
Астанада орган трансплантациясына 536 науқас кезекте тұр
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан ағза донорларынын тапшылығы мәселелерін көрсету және трансплантацияны дамытудың маңыздылығы туралы қоғамның хабарын арттыру үшін Еуропалық ағза доноры күніне қосылды. Осы орайда елімізде алғаш рет Донор күні атап өтеді.

Қазақстандағы Орган доноры күнінің басты мақсаты – қоғамның назарын қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту мәселелеріне аудару және донорлықтың барлық аспектілері туралы түсіндіру. Соған байланысты транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықпен бірлесе отырып, 2023 жылдың 7 қазанында, Керей Жәнібек хандар 3 мекенжайы бойынша Ашық есік күні шарасын өткізеді,-дейді Гүлназ Досмырзаева.

Ашық есік күні трансплантолог дәрігерлер 18 жастан асқан науқастарға трансплантация бойынша тегін кеңес береді.

Астанада орган трансплантациясынан үмітті 536 науқас кезекте тұр. Бұл цифрлар Астана қаласы бойынша ағза донорлығын жедел түрде насихаттау және бұл әрекеттің маңыздылығы туралы ақпараттандырылған қоғам құру қажеттігін көрсетеді, - дейді спикер.

Өзгелердің жаңалығы