Қазақстанның елордасы Наурыз мерекесін атап өтуде жаңа үрдіс қалыптастырып, жасанды интеллект пен заманауи технологияларды кеңінен енгізуге басымдық берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалада 200-ден астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оларды офлайн форматта 400 мыңнан астам адам тамашаласа, онлайн аудитория 1,5 миллионнан асып түсті.
Мереке қонақтарына 70 бірегей цифрлық шешім ұсынылып, қала аумағында 60 тақырыптық киіз үй тігілді. Мыңдаған LED-экрандар мен баннерлер елорданың әр бұрышында мерекелік көңіл күй қалыптастырды.
Ауқымды мәдени бағдарлама аясында 300 өнер қайраткері сахнаға шықты. Олардың қатарында Роза Рымбаева мен «Үркер» тобы бар. Осылайша елордада халықтық дәстүр мен цифрлық болашақты ұштастырған ерекше форматтағы Наурыз мерекесі өтті.
Еске салайық, бұған дейін Астанада технологиямен үндескен АІ-Наурыз өткені туралы жаздық.