Астанада Мұхамедханов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Жол жабылуы Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі аралықта жүргізілетін жұмыстарға байланысты. Бұл учаскеде жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

 pexels.com 24 Шілде 2026, 02:41
24 Шілде 2026, 02:41
108
Фото: pexels.com

Астанада Мұхамедханов көшесінің бір бөлігі 24-27 шілде аралығында уақытша жабылады. Бұл туралы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады.

Жол жабылуы Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі аралықта жүргізілетін жұмыстарға байланысты. Бұл учаскеде жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Қала тұрғындары мен жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Наверх