Астанада Министрліктер үйі маңында ер адамды көлік қағып кетті

25 Сәуір 2025, 13:29
1117
Бөлісу:
Астанада Министрліктер үйі маңында ер адамды көлік қағып кетті

Астанада Министрліктер үйі маңында ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жәбірленуші Достық көшесінде жолды белгіленбеген жерден қиып өтпек болған. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, ер адам ауруханаға жөнелтілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan маркалы автокөлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған ер адамды қағып кеткен. Зардап шегуші қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жалғасуда, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 23 сәуірде Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы басып кеткен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы