Астанада мешітте телефон ұрлаған 25 жастағы күдікті ұсталды

Мешіттен телефон ұрлаған күдіктінің ісі әшкере болды.

10 Шілде 2026, 14:48
АВТОР
 видеодан скриншот 10 Шілде 2026, 14:48
10 Шілде 2026, 14:48
147
Фото: видеодан скриншот

Астанада полиция қызметкерлері мешітте телефон ұрлаған 25 жастағы жігітті анықтады. 

Белгілі болғандай, таңертең ерте ер адам таңғы намазға келген. Намазын оқып болған соң, демалуды ұйғарып, ұялы телефонын қасына қойып, қуаттауға қосқан. Осы сәтті басқа бір келуші пайдаланған. Ол ешкімнің өз әрекетін байқамайтынына көз жеткізіп, қараусыз қалған телефонды жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері сол күні бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол 25 жастағы ер адам болып шықты. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін де Астанада мешітте намаз оқып тұрған адамның телефонын ұрлаған күдікті ұсталды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)

Наверх