Астанада мектеп жәрмеңкесі өтеді

8 Тамыз 2023, 05:24
967
Бөлісу:
Астанада мектеп жәрмеңкесі өтеді
Фото: Артём Чурсинов

Астанада мектеп жәрмеңкесі 12 тамыздан бастап бес жерде жұмыс істейді. Отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада бес орында мектеп жәрмеңкелерін өткізу жоспарланып отыр.

Жәрмеңкеге айдың соңына дейін әр сенбі мен жексенбі күндері баруға болады: тамыз айының 12, 13, 19, 20, 26, 27 күндері.

Олар келесі орындарда өтеді:

1.Нұра ауданындағы цирк тұрағы;

2.Байқоңыр ауданындағы "Тұлпар" сауда үйі алдындағы "Аймақтау" сауда үйінің тұрағы;

3.Сарыарқа ауданындағы Demalys Promenade аллеясы, Қосшығұлұлы көшесі, 14;

4.Есіл ауданындағы Ботаникалық бақтың тұрағы;

5.Алматы ауданындағы Абылай хан даңғылы, 20а.

Қазіргі уақытта аталған жәрмеңкелерге қатысу үшін "Атамекен" ӨКП-мен бірлесіп отандық тауар өндірушілердің тізбесі пысықталып жатыр, сондай-ақ жергілікті шеберлер мен қолөнершілерге қолдау көрсету мақсатында "Хас шебер" бірлестігін (Зиуар) тарту жоспарланып отыр. Жоспар бойынша шамамен 10-15 отандық тауар өндіруші қатысады.

Жалпы қаланың түрлі орындарында жәрмеңке өткізу тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жәрмеңке отандық мектеп формасы мен басқа да тауар өндірушілерге өз өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлерге арналған орындар сатып алушылар үшін қолайлы бағалар шартымен өтеусіз негізде беріледі.

Қазіргі уақытта қала аудандарының әкімдіктері қатысушылар үшін (сауда шатырлары, үстелдер мен орындықтар) және келушілер үшін өлшеу аймақтары түрінде қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы