Астанада «Мектеп - тең мүмкіндіктерді дамыту алаңы» республикалық семинары өтті

23 Ақпан 2023, 16:23
1910
Бөлісу:
Астанада «Мектеп - тең мүмкіндіктерді дамыту алаңы» республикалық семинары өтті
PHOTO
Фото: Астана қаласының БІлім басқармасы

Астана қаласының Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №2 және №3 арнайы мектептерінде  «Мектеп - тең мүмкіндіктерді дамыту» тақырыбында республикалық семинар өтті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі. 

Семинардың алғашқы күні «Мамандыққа жол мектептен басталады» тақырыбында ерекше балаларға қоғамда және мектепте қолжетімді орта қалыптастыру, оқушылардың қажеттіліктеріне, бейімділігіне, жеке ерекшеліктеріне байланысты кәсіби өзін-өзі анықтауына жағдай жасау жолдарын тәжірибе алмасу арқылы жүзеге асыру мақсатында №2 арнайы мектепте өтті.

Астанада «Мектеп - тең мүмкіндіктерді дамыту алаңы» республикалық семинары өтті

Семинарға қала мен республиканың арнайы, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, сондай-ақ, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА Инклюзивті білім беру орталығының басшысы Лаура Бутабаева, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының аға ғылыми қызметкері  Гүлшат Медетбекова қатысты.  

Астанада «Мектеп - тең мүмкіндіктерді дамыту алаңы» республикалық семинары өтті

Семинар барысында мектеп педагогтері №2 арнайы мектептің тәжірибесін теориялық тұрғыдан ұсынып, екінші бөлімде мектептің арнайы мамандары озық іс-тәжірибелерімен қызықты сабақтар мен сыныптан тыс іс - шараларды, шебер сабақтар көрсету арқылы бөлісті.

Астанада «Мектеп - тең мүмкіндіктерді дамыту алаңы» республикалық семинары өтті

Іс-шараның қорытынды бөлімінде Көкшетау қаласының №1 арнайы мектеп-интернатының педагогтері өз жұмыс тәжірибелерін көрсетті.

Семинар соңында өңірлерден келген педагогтер өз ойларымен бөлісіп, семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

24 ақпан күні республикалық семинар №3 арнайы мектебінде жалғасын табады.

Астанада «Мектеп - тең мүмкіндіктерді дамыту алаңы» республикалық семинары өтті
Өзгелердің жаңалығы