Астанада механик мамандығы бар мұғалім математикадан сабақ беріп келген

22 Қараша 2022, 12:25
8278
Бөлісу:
Астанада механик мамандығы бар мұғалім математикадан сабақ беріп келген

Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактілері тіркелгені анықталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Комитет төрағасы Ернұр Дәуенов педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша ең көп құқық бұзған білім беру бөлімдерін атады.

Алматы облысының Қарасай ауданы, Түркістан облысының Түркістан қаласы мен Төлеби ауданы, Қарағанды облысының Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданы, БҚО-ның Орал қаласы Теректі ауданы және Жетісу облысының Талдықорған қаласы мен Алакөл ауданы, Қызылорда облысының Шиелі ауданы. Бұл қалалық, аудандық білім беру бөлімдеріне алдағы уақытта облыстық білім басқармалары педагогтерді қабылдау ережелеріне байланысты семинарлар өткізуі қажет, - деді ол.

Комитет төрағасы баяндағандай, барлық бақылау шарасының қорытындысы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін тұлғаларды да жұмысқа қабылдау фактілері де тіркелген. Айтуынша, қолданыстағы №338 бұйрықтың талаптары орындалмай отыр.

Мұндай жағдайлар Алматы, Жетісу, Түркістан, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында жиі кездеседі. Мысалы, Астана қаласының мектептерінде педагог ретінде дипломдары біліктілік талаптарға сәйкес келмейтін тұлғалар жұмыс істеген. Механик мамандығы бар мұғалім математикадан сабақ берген. Дизайнер мамандығы бар педагог көркем өнер пәнінен сабақ беріп келген. Ал математика пәнінен жұмыс іздеушілер ол уақытта болған. Сондай-ақ бұл жерде білім беру әдістемесі мен пәндік білім де ескерілмеген, - деп толықтырып өтті Дәуенов.

Оның айтуына қарағанда, ол мектеп басшыларына қатысты тәртіптік жаза қабылданған.

Өзгелердің жаңалығы