Астанада марафонға қатысушылар жарыстан кейін қоқыс жинады

28 Сәуір 2024, 22:17
397
Бөлісу:
Астанада марафонға қатысушылар жарыстан кейін қоқыс жинады
Фото: gov.kz

Жүгіруден Астана қаласының EXPO кешені маңында Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған "Бірлік жүгірісі" атты жарысында 2000-ға жуық әуесқой спортшы "Таза Қазақстан" акциясын қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Барша қатысушылар "Таза Қазақстан" акциясы аясында Астана қаласының тазалығына атсалысып, қоқыстарды тазалады.

Жүгіруден көктемнің басты сайыстарының бірі саналған «Бірлік жүгірісі» таңғы 7:00-де басталғанымен, қатысушылардың саны 2000-ға жуық адамды құрады. Жүгіру бәсекесіне қатардағы әуесқойлармен қатар, Астана қаласының әкімі орынбасары Есет Байкен, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит те арнайы қатысты.

Бұл жүгіру марафонының басты ерекшелігі – бір мезетте еліміздің 15 өңірінен 15 000-ға жуық спортшылар жүгіріп, барлығының басы біріге алатындығын көрсетеді.

Бүгінгі іс-шарамыз арқылы су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созсақ дейміз. Міне, бүгін салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында елордамызда ересектерден 1500, балалардан 300-дей қатысушы жиналды. Былтырғы жарысымызда тек 500 метр, 2,5, 5 шақырымды құрап, 250-дей ғана спортшы жарысқан еді. Енді көріп отырғаныңыздай, 1 жылдың ішінде 10, 21 шақырымды да қосып, қатысушылардың қатары 6-7 есеге артты. Ересектерден бөлек, 6-17 жастағы балалар 1 шақырым жүгіреді. Бұл – жақсы дәстүр. Өйткені жас бала ата-анасының айтқанын емес, көргенін істейді. Тағы бір жақсы жаңалығымыз – бүгінгі трасса халықаралық жеңіл атлетика федерациясы тарапынан мойындалған. Яғни, осы көрсеткішіңізбен сіз өзге де ірі халықаралық марафонда бақ сынай аласыз. Бұнымен тоқтап қалмаймыз. Келер жылы толыққанды 42,1 шақырымды енгізсек дейміз - деді, Астана қаласы триатлон федерациясының президенті Евгений Больгерт.

Қатысушылар бұл бас қаламыздағы басты мереке екенін айтты. Себебі, көктем басталғалы әуесқой желаяқтар 3, 5 шақырымға ғана жүгіріп келсе, бүгін бірінші рет 2024 жылы 10, 21 шақырымға жүгіруге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, 3 апта бойы елордада "Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" экоакциясы өтіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жүргізілуде. Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою сынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы