Астанада жануарларға қатыгездік көрсеткен адам ұсталды. Бұл туралы Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияның мәлімеуінше, әлеуметтік желілерге мониторинг барысында Қошқарбаев көшесіндегі тұрғын үйдің лифтінде тұрған жігіт мысықты аяусыз тепкілейтін бейнежазба анықталған.
Кінәлі 19 жастағы Астана тұрғыны болып шыққан.
Қазіргі таңда кінәлі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Осы іске қатысты материал шешім қабылдау үшін Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген.