Астанада Күшлік ханның тарихтағы рөлі туралы жиын өтті

7 Желтоқсан 2022, 18:53
1223
Бөлісу:
Астанада Күшлік ханның тарихтағы рөлі туралы жиын өтті

Бүгін елордада «Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары және Күшлік хан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп жазады BAQ.KZ.

Іс-шараға отандық және шетелдік тарихшылар, түркологтар, шығыстанушылар, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері және сутеднттер қатысты.

Конференцияға қатысушылар Күшлік ханның ұлы дала бірлестігіндегі рөлі, Шығыс елдері мен түркі халықтарының, дала өркениеттері мен ортағасырлық қалалардың тарихи байланысы туралы және басқа да тақырыптарды қозғады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында біздің ұлттық тарихымыздың тамыры тереңге кететінін атап өтті. Шындығында, біздің тарихымызды жан-жақты зерттемей, нағыз мемлекеттіліктің рухани алтын қазығын бекіту мүмкін емес. Конференцияның негізгі мақсаты – қазақ мемлекеттілігінің бастауларын талқылау, жаңа зерттеулердің қорытындыларымен бөлісу, сондай-ақ Күшлік ханның тарихи қырларын анықтау. Оның тарихи рөлін әділ бағалау және оның негізінде жастардың бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу аса маңызды, - деп атап өтті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықов.

Жиын барысында Мимар Синан университетінің профессоры Әбдуахап Қара, Алтайтану және Түркология институтының директоры Сартқожа Қаржаубай, «Zhongguo Zuojia» журналының бас редакторы Акбар Мәжитұлы және тағы басқа сарапшылар сөз сөйледі.

ЕҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зекенұлы өз сөзінде:

Конференция тақырыбын ашып, біз жас ұрпақтың білімін тереңдеткіміз келеді. Оқулықтарда, академиялық жинақтарда тақырыптар әрдайым толық ашыла бермейді. Сондықтан конференция барысында біз осы тарихи кезеңді егжей-тегжейлі қарастырып, оның рөлі мен маңыздылығына назар аудардық, - деді ол.

Тарих ғылымдарының докторы, Новосібір мемлекеттік университетінің жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі Геннадий Пиков Күшлік ханды талантты мемлекет қайраткері деп сипаттады.

Шыңғыс ханның өзі Күшлік кезінде мемлекет күшейгенін, яғни қайта жанданғанын атап өтті. Ол мемлекеттің империя ретінде дамуын дәлелдеді, жарқын  харизмаға ие болды. Тарихи тұлға көшпелі дәстүрлерге адал болды, - деп түсіндірді ғалым.

Өзгелердің жаңалығы