Кілті оталдырғышта қалған көлік ауладан ұрланған. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аулада тұрған көлігінің жоғалғаны туралы қала тұрғыны полицияға шағымданған.
Жедел іздестіру шарала барысында көлікті заңсыз айдап кеткен 31 жастағы ер адамды ұсталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті тұрғын үй ауласында тұрған автокөлікті заңсыз иемденген. Анықталғандай, көлік қараусыз қалдырылған, ал кілттері оталдырғышта болған. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ұрланған автокөлік табылып, заңды иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Риддер қаласында жүргізуші 6 жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткенін хабарладық.