Астана әкімі Жеңіс Қасымбек кептелісті шешу үшін көпір салу керек деп есептейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жеңіс Қасымбектің сөзінше, негізінен кептелістер бір жағалаудан екінші жағалауға жылжу бағытында қалыптасады. Бүгінде қалада 9 көпір жұмыс істейді.
Ең алдымен өзеннің екі жағалауын байланыстыратын көпірлер санын көбейту керек. Қазір мұндай құрылыс жобаланып жатыр. Қолданыстағы жолдар ұлғайтылып, кеңейтіледі. Қоғамдық көліктер саны артады. Қала тұрғындары қоғамдық көлікпен жүруі үшін барынша қолайлы инфрақұрылым құрамыз. Бір жылдан кейін іске қосылатын LRT да бұған ықпал етеді, - деді әкім ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Еске салсақ, елорда әкімі LRT қашан іске қосылатынын айтты.