Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді

11 Желтоқсан 2022, 14:46
2141
Бөлісу:
Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді

16 желтоқсанда Астанада «Барыс Аренада» кәсіпқой бокс кеші өтеді. Оған қазақстандық және шетелдік боксшылар қатысады, деп хабарлады BAQ.KZ. 

BoxRec.com мәліметінше, шоудағы жекпе-жектердің бірінде әйелдер титулдық айқасы өтеді. Жеңіліп көрмеген америкалық Росалинда Родригес (13-0, 3 КО) аргентиналық Дебора Ванеса Гомеспен (8-8-2, 1 КО) жұдырықтасады. Жеңіл салмақтағы WBC International белбеуі бәске тігіледі. 

Кештің басты оқиғасы – «Қазақ жауынгері» лақап атымен танымал Елшат Нығметолла (17-0-1, 5 КО) филиппиндік Ренц Розиамен (17-9-1, 9 КО) жеңіл салмақтағы WBC International Silver бос тұрған титулы үшін күш сынасады. 

Өзгелердің жаңалығы