Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада кәсіпкер алаяқтық жасады

22 Тамыз 2025, 09:51
1402
Бөлісу:
 Астана қ. прокуратурасы
Фото: Астана қ. прокуратурасы

Астана тұрғыны өзін табысты кәсіпкер ретінде таныстырып, 4 адамды алдап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ол автонесие алу арқылы іскерлік серіктес болайық деп 4 жәбірленушіге автонесие алдырған. Көліктерді өз бизнестерінде пайдалануға уәде беріп, несиелерді өз атынан төлеуге келіскен.

Алайда кейінірек автокөліктерді Ресейге тасымалдап, сатқаннан түскен ақшаны жеке мақсаттарына жұмсаған.

Жәбірленушілер миллиондаған теңге қарызға батқан. Жалпы келтірілген шығын 270 млн теңгеден асты. Сот ер адамды кінәлі деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы