Астанада кәріз құдығынан есірткі табылды

3 Мамыр 2022, 03:29
1415
Бөлісу:
Астанада кәріз құдығынан есірткі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық МИБ (Мүлік иелерінің бірлестігі) төрағасы Рүстем Айтхожин кәріз құдығынан белгісіз зат тауып алды. Қала тұрғыны бірден полицияға хабар берген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«Меркурий» тұрғын үй кешенінің Е-15 көшесіндегі кәріз құдығына жасырылған зат есірткі болып шықты. МИБ төрағасы ақ ұнтақты заты бар лентамен оралған пакетті үй аумағын аралап жүргенде тауып алған. Ол бірден полиция қызметіне хабар берген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Полицейлер есірткінің тұрғын үй кешенінің аумағына қайдан әкелінгенін анықтап жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Есіл аудандық полиция басқармасының басшысы Мадияр Айтуғанов «Меркурий Лайф» МИБ төрағасы Рүстем Айтхожинді қырағылығы үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.

Өзгелердің жаңалығы