Астанада «Esirtkisiz FEST» фестивалі өтті

26 Маусым 2022, 18:17
1267
Бөлісу:
Астанада «Esirtkisiz FEST» фестивалі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай  «Esirtkisiz FEST» фестивалі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Осымен екінші рет өткізіліп жатқан шараны «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қоры мен «Есірткісіз Ұлт» қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Esirtkisiz FEST» фестивалі өтті. Мұнда елорда тұрғындары мен қонақтары арасында  түрлі конкурс, спорттық жарыс пен зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Ал жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстадық, - деді «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының атқарушы директоры Жандос Ақтаев. 

Өзгелердің жаңалығы