Астанада қоғам қайраткерлері, еріктілер мен белсенді тұрғындар әлеуметтік желіде ерекше челленджді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Мейірімді қала» акциясы аясында еріктілер көшеде кетіп бара жатқан жұртқа бірлік пен патриотизмді насихаттай отырып, шоколад сыйлайды. Акцияны ұйымдастырушылар оған қатысудың еш қиындығы жоқ екенін атап өтті.
Бұл челлендж мейірімділікті насихаттауға бағытталған. Осы күзгі күндері біз Республика күні қарсаңында мерекелік акцияны бастадық. Жақсылық жасау қиын емес! - дейді елордалық еріктілер.