Астанада ер адам әйелінің туысын 10 млн теңгеге өлтіруге тапсырыс берген

9 Қаңтар 2024, 15:45
736
Бөлісу:
Астанада ер адам әйелінің туысын 10 млн теңгеге өлтіруге тапсырыс берген
Фото: Арман Мухатов - архив

Астанада әйелінің туысын тапсырыспен өлтіруді жоспарлаған ер адамға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 3 қарашадағы үкімімен:

Ш. алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында, жалдау бойынша пайдакүнемдік ниетпен жасаған кісі өлтіруге дайындықты ұйымдастырғаны үшін - 10 жылға (ҚК 28-бабының 3-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7, 8) тармақтары).  Н. көмек көрсеткені және қылмыс олардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеуіне байланысты – 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға (ҚК 28-бабының 5-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі - 99-бабы 2-бөлігінің 7,8) тармақтары) сотталды. Сот Ш.-ның Н.-ға жұбайының әпкесін 10 млн.теңгеге өлтіруге тапсырыс бергенін анықтады (мотив - ол өзіне сақтау үшін қалдырылған ақшаны жұмсап қойған), - делінген хабарламада.

Ал Н. өз кезегінде өзінің танысы В.-ға кісі өлтіруді ұсынды.

Алайда, В. бұл туралы полицияға хабарлады.

Полиция тапсырыс беруші мен кісі өлтірушіні ұстау мақсатында жәбірленушінінің өлімін имитациялап, сотталғандарды ұстады.

Қорғаушы тарап апелляциялық шағымдарында үкіммен келіспей, Ш. мен Н. жәбірленушіні өлтіруге емес, оның ақша туралы біраз уақытқа ұмытуын көздеп, тек ұрып-соғуға тапсырыс бергенін айтты.

Алқа сотталғандардың кінәсі куәгердің жалданған кісі өлтіру орындаушысы В.-ның тұрақты айғақтарымен, әңгімелесу стенограммасымен, тәркіленген заттай дәлелдемелермен толық дәлелденген деген қорытындыға келді.

Осыған байланысты, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы