Астанада екінші ауысым оқушылары мен студенттері онлайн оқиды

Қолайсыз ауа райына байланысты елордадағы оқушылар мен студенттер бүгін қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

 ©BAQ.KZ архиві 11 Наурыз 2026, 09:44
11 Наурыз 2026, 09:44
880
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қолайсыз ауа райына байланысты елордадағы оқушылар мен студенттер бүгін қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласының Білім басқармасы мәліметінше, 2026 жылғы 11 наурыз күні желдің күшеюіне байланысты екінші ауысымдағы:

  • 0-11 (12) сынып оқушылары,
  • колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына көшіріледі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда - 30 °С аяз болып, бірнеше өңірде күн суытатыны хабарланды. 

Наверх