Астанада екінші әуежай салына ма?

Қала билігі бірнеше бағытты қарастырып жатыр, нақты орын әлі анықталмаған.

15 Мамыр 2026, 11:44
АВТОР
 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 15 Мамыр 2026, 11:44
15 Мамыр 2026, 11:44
801
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев елордада екінші әуежай салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әзірге нақты орны анықталған жоқ. Бірақ қала өсіп келе жатқандықтан, болашақта екінші әуежай қажет болатыны анық. Қазір бірнеше бағыт қарастырылып жатыр: Қосшы бағыты, Қарағанды және Павлодар трассалары маңы. Бұл бойынша жұмыс жүріп жатыр. Арнайы сарапшылар тобы айналысуда, – деді Ерсін Өтебаев Парламент палаталарының кулуарында.

Бұған дейін Түркия бизнесі Қазақстандағы әуежайларды жаңғыртумен айналысатыны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астана әуежайына инвестор табылмағаны айтылған еді. 

Наверх