Астанада екі көше жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

8 Тамыз 2023, 14:05
613
Бөлісу:
Астанада екі көше жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады
Фото: Елорда әкімдігі

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Тұран даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіліп жатыр,деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 8-11 тамыз аралығында Керей Жәнібек хандар көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Сонымен қатар, 8-11 тамыз аралығында Тұран даңғылының Жұлдыз айналымынан Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы