Астанада дзюдодан Grand Slam жарысы өтеді

15 Қаңтар 2024, 19:12
502
Бөлісу:
Астанада дзюдодан Grand Slam жарысы өтеді
Фото: olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылғы спорт кестесін жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңартылған күнтізбеге сәйкес, Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 жарысы Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстырылды. Жарыс 10-12 мамыр күндеріне жоспарланған. Бұл бәсеке 2024 жылғы Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы Grand Slam жарысы болады. Grand Slam жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұпайлар беріледі.

I орын - 1000 ұпай

II орын - 700 ұпай

III орын - 500 ұпай

Айта кетейік, еліміз Халықаралық дзюдо федерациясымен былтыр Grand Slam жарысын өткізу бойынша келісімшарт жасады. Келісімшарт негізінде IJF World Judo Tour аясындағы бұл жарысты Қазақстан 2023- 2026 жылдар аралығында 4 рет өткізу құқығына ие. 

Былтыр елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған әлемдік додаға 42 елден 334 спортшы қатысқан еді.

Өзгелердің жаңалығы