Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді

29 Сәуір 2024, 19:15
278
Бөлісу:
Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді. Бұл Париж олимпиадасына ұпай беретін соңғы рейтингілік турнир, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл жарысқа 60-тан астам елдің, соның ішінде әлемдік рейтинг көшбасшылары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция мемлекеттерінің спортшылары тіркелген.

Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді

Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді

Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екі жақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы