Астанада дүкен сөрелеріндегі шұжықтан шошқаның ДНҚ-сы, жемістерден нитрат табылды

Тексеру нәтижесінде 155 өнім үлгісі талапқа сай келмеген. Сатылымнан 360 келі тауар алынды.

 istockphoto.com 25 Қараша 2026, 12:41
25 Қараша 2026, 12:41
147
Фото: istockphoto.com

Астанада 2026 жылдың алғашқы он айында санитариялық бақылау барысында талапқа сай келмеген 155 өнім үлгісі анықталды. Нәтижесінде жеткізушілерге қайтару немесе жою үшін 360 келі тауар сатылымнан алынды. Олардың қатарында ет, балық, сүт және кондитерлік өнімдер, жемістер мен көкөністер бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

Қаңтар мен қазан аралығында мамандар сауда орындарынан 2 280 өнім үлгісін сатып алып, зерттеген. Оның 1 655-і – азық-түлік, 625-і – азық-түлікке жатпайтын тауарлар. Тексеру нәтижесінде 155 үлгі, яғни зерттелген өнімдердің 6,8 пайызы белгіленген талаптарға сәйкес келмеген.

Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, тексеру барысында өнімдердің қауіпсіздігі мен қолданыстағы талаптарға сәйкестігі жан-жақты зерттеледі.

2026 жылдың алғашқы он айында Астана қаласы бойынша сауда орындарынан 2 280 өнім үлгісі сатып алынып, зертханалық тексеруден өткізілді. Оның 1 655-і азық-түлік өнімі болса, 625-і азық-түлікке жатпайтын тауарлар. Зерттеу нәтижесінде 155 үлгінің, яғни жалпы көрсеткіштің 6,8 пайызының белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды, – деді Мұхамғали Арыспаев.

Қандай өнімдер сатылымнан алынды?

Сатылымнан алынған 360 келі тауардың ішінде азық-түлікпен қатар, азық-түлікке жатпайтын өнімдер де бар. Атап айтқанда, ет, балық, сүт және кондитерлік өнімдер, жемістер мен көкөністер, сондай-ақ ойыншықтар, балалар мен жасөспірімдерге арналған өзге де тауарлар, жеке қорғаныш құралдары мен лак-бояу өнімдері анықталған талаптарға сәйкес келмеген.

Тексеру қорытындысы бойынша сауда субъектілеріне жедел ден қою шараларын қолдану туралы 33 қаулы табысталды. Нәтижесінде жалпы салмағы 360 келі өнім сатылымнан алынды. Оның ішінде ет, балық, сүт және кондитерлік өнімдер, жемістер мен көкөністер бар. Сонымен қатар ойыншықтар, балалар мен жасөспірімдерге арналған өзге де тауарлар, жеке қорғаныш құралдары мен лак-бояу өнімдері де анықталған талаптарға сәйкес келмеді, – деді департамент басшысының орынбасары.

Тұтынушылар өнім туралы ақпаратты қайдан біледі?

Тұрғындар талаптарға сай келмеген нақты өнімдер туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ашық тізілімінен қарай алады. Сонымен қатар Астанада бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері ай сайын жарияланып отырады.

Тұрғындар талаптарға сай келмеген нақты өнімдер туралы ақпаратты министрліктің ашық тізілімінен көре алады. Астанада бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері ай сайын жарияланады. Өнімге қатысты сұрақ туындаған жағдайда департаменттің жедел желісі арқылы кеңес алуға болады, – деді Мұхамғали Арыспаев. 

Санитариялық бақылау өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, тұтынушылардың сапалы әрі талапқа сай тауар таңдауына мүмкіндік береді.

Наверх