Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады

5 Шілде 2024, 19:17
223
Бөлісу:
Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Астанада ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де «OPEN AIR» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін шамамен сағат 22:15-те (22:30) «ASPAN» дрон-шоуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін Ұлы дала даңғылы – Түркістан – Т.Рысқұлов – Ақмешіт көшелерінде қозғалыс шектеледі. Елордалықтар шектеулерді ескере отырып, маршрутты алдын ала жоспарлауы қажет.

Кептеліс тудырмас үшін жеке көліктен бас тартқан жөн. Ыңғайлы болу үшін елорда әкімдігі 2 тегін автотұрақ дайындайтын болады. Жүргізушілер бұл орындарға жеке көлігін қалдырып, концерт өтетін жерге жеткізетін арнайы автобустарға («Shuttle Bus») отыра болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін аталмыш автобустар ниет білдіргендерді қайта жеткізеді, - делінген хабарламада.

Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады
Астана қаласының әкімдігі

Жеке көлікті қалдырып, автобусқа ауысуға болатын орындар: Бас мешіт тұрағы (Мәңгілік ел көшесі, 65) және «Барыс Арена» тұрағы (Тұран даңғылы, 57).

Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1 250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады.

Айта кетейік, шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы