Астанада Dialogue Investment Forumы өтті

1 Қараша 2024, 17:25
375
Бөлісу:
Астанада Dialogue Investment Forumы өтті
Фото: автордан

Елордада мұнай-газ саласына қатысты Dialogue Investment Forum іс-шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның мұнай-газ секторы экономиканың ең негізі болып тұр. 2023 жылы ЖІӨ-мұнай-газдың жалпы қосылған құнының үлесі 16,2% , ал шығару көлемі 20,14 трлн теңгені құраған. 2024 жылға 95,4 млн тонна мұнай және 60 млрд текше метр газ өндіру жоспарланған. Оның кейбір бөлігі экспортқа жұмсалады.

Қазіргі уақытта мұнай-химиядағы ең маңызды жобалардың бірі полиэтилен шығаратын зауыт. Оған 7,5 млрд доллар инвестиция қажет. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы әріптестерімен бірлесіп, инвестицияларды іздестіріп осы жоспарды жүзеге асыруға тырысып жатыр. Сол зауыт ең ірі деп есептеледі. Тағы да 1 млрд шамасындағы инвестицияға полиэтилен шығаратын зауыт жоспарда бар. Қазір зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, мұнай саласындағы ең маңызды мәселе жаңа кен орындарды ашу. Бүгін оның себебін айтып талқыладық. Себебі өндіріліп жатқан мұнайдың ескі кен орындарда болуы. Өнімнің де өз уақыты келеді. Мұнай да таусылады. Ондай жағдай болмау үшін кен-орындарды ашу керек. Бұларға өте көп геологиялық-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет,-деді ҚР Президентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов.

Қазақстанның мұнай өндіру әлеуетін толыққанды іске асыру үшін еліміздегі өндіру деңгейін арттыруға қосымша шетелдік және ішкі инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретін перспиктивалы бағыттарды дамыту қажет.

Ең алдымен, мұнай беруді арттыру мақсатында өндірудің жаңа технологияларын енгізу, дәстүрлі емес көмірсутектерді барлау және өндіру. Инфрақұрылымнан, кен орындарынан және қорлары 300-500 мың тоннаға оқшауланған кен орындарын игеруге тарту, мұнай-газ химия өндірісін дамыту керек, -деді «KAZENERGY» Бас директоры Жандос Нұрмағанбетов.

Өзгелердің жаңалығы