Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенатта өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласындағы 16 жастағы бойжеткеннің жантүршігерлік өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы жағдай биыл қараша айында болған.
Екі адам қолға түсті. Басқа ештеңе айта алмаймын, – деп қысқа қайырды вице-министр.
Еске салайық, бұған дейін Ішкі министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанадағы кәмелетке толмаған жасөспірімнің кісі қолынан қаза тапқаны туралы айтқан. Оның сөзінше, 18 қарашада жастар пәтер жалдап, ішімдік ішкен. Одан соң 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасап, өлтірген.