Астанада бой көтеретін 6-шы жаңа аудан картадан көрсетілді

23 Мамыр 2024, 12:58
773
Бөлісу:
Астанада бой көтеретін 6-шы жаңа аудан картадан көрсетілді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

"Алматы" ауданының бір бөлігі жаңа әкімшілік ауданға тиесілі болады. Қалалық мәслихат картада жаңа ауданның орналасатын жерін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркеновтің сөзінше, Алматы ауданы - Астанадағы ең тығыз орналасқан, әрі жылдам дамып келе жатқан аудан. Қазір оның көлемі 15,4 мың гектарды алып жатыр. Онда 390 мың халық тұрады.

Оның солтүстік аумағы өзінің тарихи "Алматы" деген атауын сақтап қалады. Ал аумағы 8,15 мың гектарды құрайтын болады. Ал оның оңтүстік бөлігі жаңа әкімшілік аудан болып құрылады. Аумағы  - 6,95 мың гектар жерге созылады, - деді ол.

Жаңа аудан картада көк түспен боялған. Ал "Алматы" ауданында қалатын территория қызғылт-сары түспен белгіленді.

Астанада бой көтеретін 6-шы жаңа аудан картадан көрсетілді
Өзгелердің жаңалығы