Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

17 Қараша 2022, 17:30
1329
Бөлісу:
Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Биыл Астанада тоғызыншы мәрте өткізіліп отырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 55 жұмыс беруші қатысып отыр. Белгілі болғандай, олар ұсынған түрлі қызмет саласы бойынша 1402-ден астам бос орындар бар. 

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

Жәрмеңкеге әр саладан: білім беру, құрылыс, өндіріс, сауда, тамақтану, қаржы және сақтандыру, көлік салаларынан жұмыс берушілер қатысып отыр. Осымен елорда бойынша мұндай жәрмеңкені маусым айынан бері тоғызыншы рет ұйымдастырып отырмыз. Әр саланың мамандарына сұраныс әртүрлі. Мәселен, сауда саласынан кассир, сатушы, есепші, мерчендайзерлер әрдайым қажет. Ал құрылыста бригадир, прораб, инженерлер сұранысқа ие, - деп атап өтті Халықты жұмыспен қамту орталығы Жұмыс берушілермен өзара байланыс бөлімінің басшысы Бақыт Рақышева. 

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

Сондай-ақ Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі де бос жұмыс орындары барын алға тартты.

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

Ұлан сапындағы бос орындарға жұмысқа орналасқысы келген жандарға тұрғынүй төлемі ұсынылатынын ескерткіміз келеді. Жылына кем дегенде 30 күнге еңбек демалысына шыққан кезде қомақты қаражат төленеді. 45 жаста зейнетке шығуға мүмкіндік бар, - деп  түсіндірді 5573 әскери бөлімнің аға маманы сержант Эльмира Тукенова.

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

Сонымен қатар жұмысқа орналасуға арналған жәрмеңкенің өз ерекшеліктері бар

Атап айтқанда, 7 жұмыс беруші 584 бос орынды мүгедектігі бар тұлғалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған жастарға ұсынып отыр. Ал 11 жұмыс беруші 239-дан астам бос орынды бас бостандығынан айырылған орындардан босаған тұлғалар мен пробация есебінде тұрған тұлғаларға береді. 

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

Жиынға жұмыс іздеп келгендердің арасында 18 жастан бастап, жасы 60-ты алқымдаған зейнеткерлер де бар. 

Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, жәрмеңке өткен соң жұмыс берушілермен үнемі кері байланыс бар. 

Жәрмеңке өткеннен кейін жұмыс берушілерге хабарласып, қанша адамды жұмысқа алғандарын біліп, бақылауда ұстаймыз. Жәрмеңке өткізілген маусым айынан бері 260-тан астам адам жұмысқа орналасты, - деді Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы. 

Өзгелердің жаңалығы