Астанада бірнеше мектеп пен шағын орталықта инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады

1 Наурыз 2024, 22:50
403
Бөлісу:
Астанада бірнеше мектеп пен шағын орталықта инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады
Фото: instagram.com/jenis_qasymbek

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram аккаунтында мектептер мен шағын орталықтар жанынан инклюзияны қолдаудың жаңа кабинеттерінің ашылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, балабақшалар мен мектептердегі инклюзияны қолдау кабинеттерінің санын көбейтуді жалғастырамыз. Мәселен, "Болашақ" қорымен бірлесіп, 8 балабақшада инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, жабдықталды. Жақын арада тағы 3 шағын орталықта ашамыз.

Негізгі уақытты балалар құрдастарымен бірге қарапайым топтарда өткізеді және күніне бірнеше сағат инклюзияны қолдау кабинетінде оқытушы-ассистенттермен бірге оқиды. Кабинетте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру, сөйлеу, коммуникативтік және тұрмыстық дағдыларды қалыптастыру жүзеге асырылады.

№95 "Алматы" балабақшасындағы инклюзияны қолдау кабинетінің қызметімен танысты. Ерекше балалардың ата-аналарымен, балаларды инклюзиялау мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ өкілдерімен спорттың қолжетімділігі, кәсіптік бағдарлау даярлығы, білім беру мекемелерінде инклюзияны қолдаудың қосымша кабинеттерін ашу мәселелері талқыланды, ынтымақтастықтың алдағы жоспарлары белгіленді, - деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тәрбиешілер мен ата-аналар атап өткендей, инклюзияны қолдау кабинеттеріне барған кезде балалар әлеуметтену және оқыту дағдыларын айтарлықтай жақсартты.

Мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерінің санын көбейтеміз. Қазір олар 29 мектепте бар. Биыл тағы 4 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз, - деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы