Астанада 4 шілдеде № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 06:00-ден 23:30-ға дейін. Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалысын шектеу шаралары «Тәуелсіздік сарайы» алаңының Тәуелсіздік даңғылында – Ж.Нәжімеденов – А.Байтұрсынов – Қ.Аманжолов көшелерінде жүргізіледі, - делінген City Transportation Systems ЖШС таратқан хабарламада.
Аталған бағыттардың өзгертілген сызбаларын @cts_kz Instagram аккаунтындағы Taplink-тен қарауға болады.