Астанада бірінші сыныпқа баратын балаларға даярлық курсы өтеді

28 Шілде 2023, 08:34
1058
Бөлісу:
Астанада бірінші сыныпқа баратын балаларға даярлық курсы өтеді
Фото: BAQ.KZ

Астана қаласының мемлекеттік мектептері биыл 1-сыныпқа баратын бүлдіршіндері үшін қысқамерзімді даярлық курсын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

Астана қаласының Әдістемелік орталығы ұлттық құндылықтарға негізделген «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлықтың қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» мен оқу жоспарын әзірлеп, білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсетті. Орталық әдіскерлері «Балақайлар мектебі» педагогтеріне курстарды жүргізу әдістемесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы