Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ш.Бейсекова және Тілендиев көшелерінің қиылысы осы жылдың 28 сәуірі сағат 21:00-ден 29 сәуір сағат 07:00-ге дейін жол жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елорда полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Осыған байланысты Ш.Бейсекова мен Тілендиев көшелерінің қиылысы осы жылдың 28 сәуірі сағат 21:00-ден 29 сәуір сағат 07:00-ге дейін жартылай жабылады.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.