Астанада Байтұрсынов көшесіндегі учаске ішінара жабылды

27 Маусым 2024, 21:37
231
Бөлісу:
Астанада Байтұрсынов көшесіндегі учаске ішінара жабылды
Фото: gov.kz

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қ.Аманжолов көшесі жағынан Тәуелсіздік даңғылына қарай А. Байтұрсынов көшесіндегі шағын учаскесіне жол төсемінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты бүгін, 27 маусым күні сағат 21:00-ден 28 маусым сағат 09:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылды. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да бір жағынан жүзеге асырылатын болады.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы