«Астана халықаралық әуежайы» фитосанитариялық бақылау пунктінде бақылау-қадағалау іс-шараларын жүргізу барысында қалампыр кесінділерінде морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге ұқсас объектілер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1600 қалампыр партиясы Қытай Халық Республикасынан әкелінді.
Іріктелген үлгілер карантиндік зертханалық сараптама жүргізу үшін Республикалық өсімдіктер карантині орталығына жіберілді.Сараптама қорытындысына сәйкес карантиндік объектінің батыс гүл трипсімен залалданғаны расталды.
Әкімшілік хаттама жасалып, іс сотқа жіберілді.
Ауданаралық мамандандырылған соттың шешіміне сәйкес ластанған өнім өртеу арқылы жойылды.
Оқи отырыңыз: