Астанада Бақтияр Артаевтың құрметіне бокстан турнир өтіп жатыр

26 Наурыз 2024, 13:07
349
Бөлісу:
Астанада Бақтияр Артаевтың құрметіне бокстан турнир өтіп жатыр
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Бокстан Афина Олимпиадасының жеңімпазы Бақтияр Артаевтың құрметіне жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысты қолдауға Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, әлем чемпиондары Нұрбек пен Айбек Оралбайлар, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов секілді өзге де танымал тұлғалар қатысты.

Астанада Бақтияр Артаевтың құрметіне бокстан турнир өтіп жатыр

28 наурызға дейін жалғасатын бокс бәсекесінде еліміздің 20 өңірінен бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінен 300-ге жуық спортшы 13 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Жасөспірімдер арасындағы бокс жарысын ұйымдастыру идеясы бұрыннан бері ойда бар еді. Міне, бүгін сол идея жүзеге асты. Бұйырса, осы жасөспірімдердің арасынан 2028 жылы өтетін Лос-Анжелес Олимпиадасына баруы әбден мүмкін, - деді Бақтияр Артаев.

Ұйымдастырушыларының айтуынша, жасөспірімдер арасындағы бәсекенің көптеп өтуі боксшылардың тәжірибесін арттырып, болашақ чемпиондарды дайындауға өте үлкен мүмкіндік болмақ.

Астанада Бақтияр Артаевтың құрметіне бокстан турнир өтіп жатыр

Басты мақсатым – 2-3 дүркін Олимпиада чемпионын шығару. Өздеріңіз білетіндей, әлі күнге бокста 2 дүркін Олимпиада чемпионымыз жоқ. Қазірден жасөспірімдерге көңіл бөлсек, 2028, 2032, 2036 жылдары осы буын тарихты жаңартатына сенімдімін, — деп Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев сөзін түйіндеді.

Астанада Бақтияр Артаевтың құрметіне бокстан турнир өтіп жатыр

Сондай-ақ, жарыстың ашылу салтанатында бірінші рет орта салмақта отандасымыз Бақберген Әлиасқаров пен Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан) 4 раундтан тұратын кәсіпқой бокс кездесуін өткізді.

Өзгелердің жаңалығы