Астанада банк картасынан ақша ұрлау дерегі әшкереленді

18 Қаңтар 2024, 19:48
855
Бөлісу:
Астанада банк картасынан ақша ұрлау дерегі әшкереленді
Фото: BAQ.KZ -архив

Картаны белгісіз ер адам иемденіп алғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне елорда тұрғыны хабарласып, өзінің жақында банк карточкасының жоғалғанын және картадағы 12 500 теңгесі қолды болғанына арызданған. 

Алдын ала тексеру барысында тәртіп сақшылары жәбірленуші картасын үй ауласында жоғалтып алғандығын, оны белгісіз ер адам иемденіп алғанын анықтады. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтады. 

Бұлтартпас айғақтар арқасында ол картаның өзгенікі екенін біле тұра, дүкенге барып, азық-түлік алғанын айтып, мойындау көрсетпелерін берді. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы