Астанада балалар автобуспен 4 жылда 86 млн-ға жуық тегін қатынаған

29 Наурыз 2024, 21:13
347
Бөлісу:
Астанада балалар автобуспен 4 жылда 86 млн-ға жуық тегін қатынаған
Фото: CTS

85 988 426 сапар. 2020 жылдың 28 наурызынан бүгінге дейін 18 жасқа дейінгі жолаушылар тегін қатынаған, деп хабарлайды BAQ.KZ. CTS-ке сілтеме жасап.

Жақында мектеп оқушылары көктемгі демалыстан шығады және автобуста мектеп көлік картасын валидациялаудың маңыздылығын естеріңізге саламыз.

Автобуста картаны валидациялау:

- автобустар санын көбейтуге, маршруттарға бөлуге, жаңа бағдарларды іске қосуға, жолаушылар ағынын көруге септеседі;

- қажет болған жағдайда, баланың сапарларын қадағалауға көмектеседі.

Әсіресе бұл баланың қауіпсіздігі үшін маңызды.

Құрметті ата-аналар! Сіздерден балалардың қоғамдық көлікпен жүрер алдында мектеп көлік картасының бар-жоғын қадағалауды сұраймыз, - делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы