Астанада балабақшадағы орын тапшылығы қалай шешіледі

22 Қаңтар 2024, 11:51
334
Бөлісу:
Астанада балабақшадағы орын тапшылығы қалай шешіледі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев елордада балабақшадағы орын тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада қазіргі таңда 365 544 баланы камтып отырған 757 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 525 балабақша, 172 мектеп, 32 колледж, 11 қосымша білім беру ұйымы және 15 арнайы білім беру ұйымдары. 2023 жылы білім беру ұйымдары 102-ге толықты, - деді Қасымхан Сенғазыев.

Оның сөзінше, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту мақсатында 2023 жылы 10 214 орынға мемлекеттік тапсырыс енгізілді.

Биыл да 10 мыңнан аса орынға мемлекеттік тапсырыс жасалады. Сонымен қатар балабақшалардағы орын тапшылығын жою мақсатында алдағы жылдары 60 балабақша салу жоспарланып отыр, - деді ол.

Сенғазыев бүгінде 10 балабақшаны салуға жер телімдері белгіленіп, жобалау жұмыстары басталған.

Өзгелердің жаңалығы