Астанада әйелдер арасында теннистен екі ірі халықаралық жарыс өтеді

16 Ақпан 2023, 15:44
1001
Бөлісу:
Астанада әйелдер арасында теннистен екі ірі халықаралық жарыс өтеді

Астанадағы Ұлттық теннис орталығында 27 ақпан – 12 наурыз аралығында ITF World Tennis Tour сериясында әйелдер арасында «BeeTV 40 Women's» және «BeeTV 60 Women's» жарыстары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, екі турнирдің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды.

Додаға әлемдік рейтингте ТОП-300-ге кіретін теннисшілер қатысады. Олардың арасында жапониялық Моюка Учиджима (120 WTA), жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирлерінің тоғыз дүркін жеңімпазы, франциялық Кристина Младенович (150 WTA), ресейлік Анастасия Захарова (166 WTA), румыниялық Ирина-Мария Бара (197 WTA), сербиялық Наталья Стефанович (221 WTA) және басқалар бар.

Аталмыш жарыстарда Қазақстан намысын Анна Данилина, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Аружан Сағындықова, Дана Байдәулет, Жанель Рүстемова сынды теннисшілер қорғайды.

Әйелдер арасындағы ITF World Tennis Tour аясына алты санаттағы $15 000, $25 000, $40 000, $60 000, $80 000 және $100 000 жарыстары кіреді. Елордадағы додалар үшінші және төртінші санатқа сатады.

Матчтар Qazsport және Insport-тың Bee TV спорттық бөлімінде тікелей эфирден көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы